Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Үздік тәлімгерлер жасағы» облыстық байқауы облыстық Оқушылар Сарайында облыс аудандары мен қалаларынан сегіз команда жинады. Байқаудың мақсаты-шығармашылықпен жұмыс істейтін аға тәлімгерлерді анықтау, тәлімгерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, аға тәлімгерлердің қызметін ынталандыру.

Сарай әдіскерлері арасынан, қалалық мектеп педагогтары мен облыстық ТЖД өкілдері арасынан қазылар алқасы ұсынылған командалардың: визит карточкасы және «Креатив life» бағалады.

Облыстық «Үздік тәлімгерлер жасағы» байқауының қорытындысы бойынша Железин ауданы тәлімгерлерінің командасы 3 орынға ие болды.