Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

29 қаңтар күні №2 ЖОББМ және М. Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ базасында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын
және Байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде 5 жыл үздіксіз
педагогикалық өтілі бар педагогтер қатысты. Байқауға қатысушылардың кәсіби қызметіндегі жетістігі ережедегі сәйкес өлшемшарттар бойынша бағаланды. Орындар келесідей бөлінді:
Бас-жүлде-Лизунова Мария Николаевна (Т.П.Праслов атындағы ЖОББМ); 1 орын-Зеймуллаева Торгынай Сабитовна (М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ); 2 орын-Сапина Сания Амангельдиновна (М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ); 3 орын – Кисляков Антон Евгеньевич (№1 ЖОББМ). Жүлдегерлерді құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!