Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылғы 7-8 ақпан күндері 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық жасөспірімдер олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау болып табылады.

Олимпиада жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде келесі пәндер бойынша өткізілді: математика, биология, физика, география, химия, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.

Олимпиадаға 7 сынып- 46 оқушы, 8 сыныптан –  44 оқушы қатысып, 7 сыныптан – 10 оқушы, 8 сыныптан – 16 оқушы жеңімпаз атанды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен: М. Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Аблаев Рауан – 3 орын.

Орыс тілінде оқытатын сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті: Веселая Роща ЖОББМ-нің 8 – сынып оқушысы Баштаева Диана – 2 орын.

Қазақстан тарихы:  Веселая Роща ЖОББМ-нің 7 – сынып оқушысы Борамбаева Аружан – 3 орын, Веселая Роща ЖОББМ-нің 8 – сынып оқушысы Озханова Махаббат – 2 орын, №2 ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Торопчанина Екатерина – 3 орын.

География пәні: №1 ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Ерота Кирилл – 2 орын, №2 ЖОББМ-нің 7- сынып оқушысы Ханенко Алишер – 3 орын. №1 ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Шамраев Роман – 3 орын.

Химия пәні: Моисеев НЖББМ-нің 7 сынып оқушысы Притыко Александр – 3 орын, Алакөл ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Егінбай Рауан – 3 орын.

Физика пәні: Алакөл ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Амангелді Жания – 2 орын, Михайлов ОЖББМ-нің 8 сынып оқушысы Галлямова Дильназ – 3 орын.

Биология пәні: Мынкөл НЖББМ-нің 8 сынып оқушысы Мецкер Кирилл – 3 орын.

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті: Жолтаптық НЖББМ-нің 7 сынып оқушысы Тлеубердова Дарина – 2 орын, М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Кусаинова Дина – 3 орын,  Жаңа жұлдыз ауылының ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Орынтаева Айдана – 3 орын.

Орыс тілі мен әдебиеті пәні: Михайлов ОЖББМ-нің 7 сынып оқушысы Борис Валентина – 2 орын, №1 ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Казизова Сабина – 3 орын, Моисеев НЖББМ-нің 7 сынып оқушысы Ғұсман Мансұр – 3 орын. №2 ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Сарсенбаева Дильназ – 2 орын, Михайлов ОЖББМ-нің 8 сынып оқушысы Серикова София – 3 орын, Алакөл ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Доронгоф Ангелина – 3 орын.

Ағылшын тілі пәні: №1 ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Малаева Аина – 2 орын, №2 ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Садбекова Алина – 3 орын, Михайлов ОЖББМ-нің 8 сынып оқушысы Голованич Виктор – 3 орын, Веселая Роща ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Мергенбай Асанали – 3 орынға ие болды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!